Акциялар
AULET Residence

Шымкенттегі Бизнес+ санатындағы бірегей тұрғын үй кешені

КОМПАНИЯ ЖАЙЛЫ

AULET Development Group – Қазақстан нарығындағы жаңа құрылыс компаниясы. Оның құрамында сәулет және қала құрылысы саласында тәжірбиесі мен жоғары білімі бар, сондай-ақ тұрғын үй және коммерциялық жылжымайтын мүлікті салу мен сатуда халықаралық тәжірбиеге ие мықты мамандар жұмыс жасайды.

МИССИЯ

Біз адам өмірі үшін жайлы кеңістік құра отырып, Шымкент қаласындағы тұрғын үй кешендеріміздің болашақ тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту үшін бір бағытта жұмыс жасайтын командамыз.

ЖОБА ЖАЙЛЫ

Тұрғын үй кешені элиталық ауданда, Дербес көшесінің бойында, Шымкент қаласының әкімшілік-іскерлік орталығы болып белсенді дамып келе жатқан жаңа Шапағат 2 шағын ауданында орналасқан
Аз қабатты концепция
3 қабат + шатыр
Биік төбелер
3.2 метрден бастап
Панорамалық терезе
Толық панорамалық әйнек
Заманауи архитектура
Концепция дайындау барысында әлем архитектурасының ең өзекті трендтері ескерілді
Кешеннің ойластырылған сыртқы және ішкі аумағы
Ауланы және оған іргелес аумақты абаттандыру ұсақ түйекке дейін ойластырылған және заманауи урбанистика мен ландшафт дизайнының барлық талаптарына жауап береді
Қонақ және автотұрақ орындары санының көптігі
Жерасты паркингінде және ТК аумағында 200-ден астам автотұрақ орны қарастырылған. Бұл біздің резиденттеріміздің көліктері үшін әрқашан орын болады дегенді білдіреді, себебі тұрғын үй кешенінде пәтерлерден қарағанда автотұрақ саны көп
Tolyq keńes alyńyz
Кешен екінші жолда, магистральды және шулы көшеден алыс жерде орналасады. Бұл болашақ Aulet Residence тұрғындарына жанға жайлы тыныш жерде өмір сүре отырып, барлық оқиғалардың ортасында болуға мүмкіндік береді.
2.2
Га — аумағы
166
Пәтер саны
Tolyq keńes alyńyz

КЕШЕН АРХИТЕКТУРАСЫ

Еуропада өндірілген жоғары сапалы аралас қасбеттің, сәндік тас және сапасы жоғары витраждардың арқасында, кешеннің сәулеттік келбеті ешкімді бей-жай қалдырмайды
Оның ерекше сипаттамалары - функционализм, нақтылық және адамдар үшін ең қолайлы орта құру принципіне міндеттеме
Құрылыс материалдары
Бірінші қабаттарында сәндік сылақ және сәндік тас
Терезелер
Екі қабатты терезе, бір камералы шыны пакеті, жылы сериялы профиль
Қасбеті
Желдетілетін қасбет
Жақтауы мен қабырғалары
Кірпіш

АУЛА КЕҢІСТІГІ

Баспана таңдау барысында ең маңызды сұрақтардың бірі – аула мен үй маңындағы аумақтың абаттандырылуы. Біздің тұрғын үй кешенімізде қауіпсіздік үшін алаңдамай, бос уақытыңызды қуана өткізетін жаңа және өмір сүруге ыңғайлы аула таңдау мүмкіндігі бар.
Кедергісіз ортасы бар жабық және қауіпсіз аула
Тәулік бойы бейнебақылау және күзетші
Күн сәулесі мен жауын-шашыннан қорғанысы бар балалар ойын алаңы
Балаларға арналған интерактивті «су» жабдығы
Жеке Workout – алаңы
Шағын архитектуралық формалары бар авторлық ландшафт дизайны
Ауыз су бұрқағы
Демалуға арналған орындар
Күн астында жатуға арналған шезлонгтар

Шымкенттегі бірегей тұрғын үй кешенінің иесі болыңыз!

«Баға және сапа» сипаттамаларының арақатынасы бойынша Aulet Residence-тің өз классында Шымкент қаласындағы ең үздік тұрғын үй кешені атағын иелену үшін барлық көрсеткіштер мен артықшылықтар бар.

ХОЛЛДАР

Холлдарды әрлеу жұмыстары негізінен еуропалық өндірушілердің жоғары сапалы материалдарынан жасалған жеке дизайн жобасы бойынша орындалады
Дизайнерлік безендіру
Арбаларға арналған орындар
Жұмсақ күту аймақтары
Aulet Residence холлдарының интерьер дизайнын жасау барысында біздің команда Миландағы VALENTINO брендінің сәнді бутиктерінен шабыт алды
Электронды құлыптар
IP-домофония
Бейнебақылау
Дыбыссыз жеделсатылар
Биік төбелер

ЖЕКЕ АУЛАСЫ БАР ПӘТЕР

Қала сыртында өмір сүрудің артықшылықтары жайлы ұзақ айтуға болады... террассада бір шыны кофемен өткізген жаздың таңы, кең бөлмелер, табиғатқа жақын болу. бұның барлығы жекеменшік жерде түрған үйдің артықшылықтары.
Бірақ қалалық инфрақұрылымның жайлылығы адам өмірінде де маңызды рөл атқарады. мысалы, дүкендер мен дәріханалардың, қоғамдық көліктердің, мектептер мен балабақшалардың жақын болуы, себебі жоғарыда айтылғандардың бәрі уақытты үнемдейді, бұл көптеген адамдар үшін шешуші факторға айналады
Енді бұған бас қатырудың қажеті жоқ. Aulet Residence барлық артықшылықтарды бір жерде жинап, жақсы балама ұсынып отыр. Бұл – жекеменшік ситихаустар.

ТЕРРАСЛАР

Барлық болашақ тұрғындарға сыйлығымыз – жеке ашық терасса! Сіздің болашақ үйіңіздің төбесінде эстетикалық ләззат пен толыққанды демалысқа арналған жайлы және сәнді орын жасалады.
Бұл жерді құрастыра отырып, біз тұрғын үй кеңістігін сыртқы ортамен біріктіру идеясын ғана емес, сонымен қатар кешеннің болашақ тұрғындары бір-бірін жақын танысын деген мақсат көздеп отырмыз. Нәтижесінде жағымды компанияда таңертең немесе кешкі уақытта жылы достық кездесулер өткізуге болады
Tolyq keńes alyńyz

Барбекю аймағы

Aulet Residence тұрғын үй кешенінің тұрғындары үшін арнайы аулада барбекю алаңы қарастырылған. Енді сіз отбасыңыз бен жақындарыңыздың басын қосып,үйден шақпай-ақ достарыңыз және көршілеріңізбен уақыт өткізе аласыз.

функционалды бөлмелер

Жерасты паркингі
Жерүсті автотүрақтар
BOXROOM-үй-жайлар

Шымкенттегі бірегей тұрғын үй кешенінің иесі болыңыз!

«Баға және сапа» сипаттамаларының арақатынасы бойынша Aulet Residence-тің өз классында Шымкент қаласындағы ең үздік тұрғын үй кешені атағын иелену үшін барлық көрсеткіштер мен артықшылықтар бар.
Бастапқы жарнасы 30%-дан болатын құрылыс компаниясынан пайызсыз бөліп төлеу
Сатып алу құралдары
100% төлем
Сізге ыңғайлы болу үшін төлемді келесі банктер арқылы жасауға болады:
Bereke Bank
Kaspi Bank

БАЙЛАНЫС

Сату бөлімі: Шымкент қаласы, Қонаев даңғылы, 58
Жоба архитектурасы, абаттандырудың, қасбеттердің, интерьердің, қолданылатын материалдардың бейнелері, олардың нөмірленуі, кешеннің инфрақұрылымы шартты болып табылады және жобалау, салу мен пайдалану барысында өзгеруі мүмкін. Бұл туралы ақпарат тұрғын үйге деген сұранысты анықтау мақсатында жарияланды және ұсыныс болып табылмайды.